Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 204 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленген.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.»;
10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өтініш берушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары:
Министрлік: mks.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4с.kz интернет-ресурстарында; »
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: